Тұз. Ағзаға пайдасы мен зияны

Тұз кез — келген тағамның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл адам өмірі үшін өте маңызды тағамдық қоспа. Онсыз дененің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Тұз натрий мен хлордан тұрады, бұл минералдар дененің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды. Атап айтқанда, натрий жасушаішілік және жасушааралық сұйықтықтардың тепе-теңдігіне жауап береді, жүйке белсенділігіне, метаболизмге, гормондардың бөлінуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.

Тұзды тағадарды көп жесе ол денеде жинала бастайды.

Тұзды шамадан тыс тұтынғанда:

1. Шөлдеу.

2. Ісіну.

3. Артық салмақ.

4. Кальций тапшылығы.

5. Ойлау қиындықтары-мидың қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды.

6. Дәмді қабылдау проблемалары пайда болады.

Өкпе, қан, қан тамырлары, жүрек, бүйрек аурулары кезінде ас тұзынан толығымен бас тарту керек екендігін түсіну керек.

Тұздың көп бөлігі қоспа ретінде қолданылатын өнімдерде кездеседі (тұздалған балық, ет, консервіленген көкөністер және т.б.).

Тұздың көп мөлшері сыраға арналған түрлі тағамдарда кездеседі (прецетельдер, тұздалған крекер, чипсы және т.б.). Сондай-ақ, тұздың көп мөлшері жартылай фабрикаттар мен шұжықтарда кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне 5 грамнан аспайтын тұзды тұтынуға кеңес береді. Бұл мөлшерге тағамға қосатын тұз ғана емес, сонымен қатар жасырын көздер де кіреді: нан, ірімшік, тұздалған балық, маринадталған көкөністер мен саңырауқұлақтар, қырыққабат,жартылай фабрикаттар, шұжықтар мен ветчина және т. б. статистикаға сәйкес, адамдардың көпшілігі осы нормадан бір жарым-екі есе асады.

Дұрыс тамақтану дегеніміз ол тұздан толық бас тарту емес-оны дұрыс тұтыну жеткілікті.

Кәдімгі тұзды сау тұзға ауыстырыңыз. Мысалы, теңіз тұзы, бұл Сіздің сүйікті тағамдарыңыздың дәмін сақтап қана қоймай, оларды ең пайдалы етеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК