Месячник

2023 жылдың 17 наурызында Көкшетау қаласында айлық аясында Облыстық жедел жәрдем станциясы, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бригадаларының қатысуымен “Қалалық емхана” ШЖҚ МКК қызметкерлерінің күшімен “жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік және психологиялық көмек көрсету бойынша далалық госпитальді өрістету” тактикалық – арнайы оқу-жаттығуы өткізілді. Жер сілкінісі салдарынан түрлі жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізілді, зардап шеккендердің жаппай түсуі кезінде медицина қызметкерлерінің тактикасы пысықталды.Іс-шараға Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттері, Қан орталығының және ЖИТС орта медицина қызметкерлері қатысты.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК