Бронх демікпесі

Бронх демікпесі- тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге өте сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады. Бұл жағдай аллергендерден, ауаның ластануынан, суық ауадан, инфекциялардан және стресс сияқты әртүрлі факторлардан туындауы мүмкін.
Бронх демікпесі тиімді емдеу әдістерді қолдана отырып, ауруды басынан бастап бақылауға алуды талап етеді. Жүйелі емдеу мен сыртқы факторларды үнемі бақылау бронх демікпесінің асқынып кетпеуіне және науқастың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Ауруды бақылап, дәрігермен үнемі байланыста болған дұрыс. Егер сізде бронх демікпесіне күдік болған жағдайда, дереу дәрігерге қаралу керек.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК