Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

💚Адамның психикасы тікелей жүйке жүйесіне, ақыл-ойына, дененің және жан дүниесінің саулығына байланысты екенін білдіңіз бе? Бүгінгі заманда жиі алаңдататын, күйзеліске ұшырататын түрлі жағдайлар орын алуды.
✅Психикалық денсаулықты нығайту жолдары?
• Ұйқы жүйке жүйесін қалпына келтіреді.
• Медитация және жаттығу стресске төзімділікті арттырады.
• Жағымсыз жаңалықтарға шектеу қойыңыз.
• Қажетсіз міндеттемелерді алмаңыз.
• Орындалған тапсырмалардан кейін үзіліс жасаңыз.
• Позитивті қарым-қатынасты таңдаңыз, эмоционалды шаршаған адамдардан аулақ болыңыз.
• Биологиялық белсенді қоспаларды қолданыңыз.
• Негативті жинамаңыз, одан арылудың жолын табыңыз.
• Энергетикалық сусындарды тұтынудан бас тартыңыз, оның орнына пайдалы сусындар ішіңіз.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК