2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есеп

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есеп

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны МСАК көрсететін медициналық ұйым 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 1 мемлекеттік қызмет: «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу».
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 11 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

– 2 мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі:

1. алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту

2. көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 13 мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі;

– 1 мемлекеттік қызмет қағаз /электрондық нысанда көрсетіледі: медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны 2020 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, барлық 13 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері бар
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу-2022 жылы 7468 қызмет көрсетілді (оның ішінде қағаз нысанда – 1237, электрондық үкімет порталы арқылы-6231, электрондық түрде);

2) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру-2022 жылы 24749 қызмет көрсетілген

3) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру– 2022 жылы 52887 көрсетілген

4) Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделушілерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру– 2022 жылы 5131 қызмет көрсетілген

5) алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту– 2022 жылы 1524 қызмет көрсетілді.

6) Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету -126243

2. ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін пациенттерді қолдау қызметіне 25-72-86 сенім телефоны арқылы хабарласуға болады. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да ресми сайт жұмыс істейді, онда қосымша ақпарат алуға болады: kokshetau-gorpol.kz.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат Қалалық емхананың kokshetau-gorpol.kz ресми интернет-ресурсында жария талқылау мақсатында орналастырылды:

– 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қалалық емхананың қызметі туралы есеп;

1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №ҚР ДСМ-49/2020 жылғы № 20665 бұйрығымен.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау, көрсетілетін қызметті алушылар үшін оларды ұсынудың ашықтығы мақсатында 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру бойынша мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:

1) 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 28 түсіндіру іс – шарасы өткізілді, оның ішінде: Instagram-да тікелей эфирлер-4, газеттер мен басқа да баспа басылымдарында-4.

3) ұйымның медицина қызметкерлері үшін 12 семинар өткізілді;

2) қалалық емхананың интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері туралы өзекті ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсетудің паспорттары мен бизнес-процестерінің анықтамалықтары, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, көрсетілетін қызметті алушылар үшін статистикалық және өзге де ақпарат уақтылы орналастырылды.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері 1. 5 E-gov бұрышы құрылған, емхананын барлық филиалдарда.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар Есепті кезеңде қызметкерлер біліктілікті арттыру мақсатында түрлі іс-шараларға қатысты, атап айтқанда:

– 35 қызметкер «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс орнында оқудан өтті.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығын іске асыру шеңберінде.

1) жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы.

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы

3) жедел, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы.

4) міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің, медициналық қарсы көрсетілімдердің көлемін, жұмысқа орналасу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы

5) Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығы.

6) ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы.

4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелген жоқ.
2) Қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері 2022 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде статистикалық деректерді, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мониторингінің нәтижелерін және ақпараттық жүйелерді, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары туралы, шағымдардың болуы/болмауы және т.б. ақпаратты көрсететін талдамалық жазбаны қоса бере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша Қалалық емхананың жұмысы туралы есеп қалыптастырылды.

Тоқсан сайынғы негізде нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жасалған мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелер мен филиалдардың назарына жеткізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұза отырып көрсету жағдайлары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар анықталған жоқ.

5. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ОДАН ӘРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ САПАСЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН АРТТЫРУ 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қалалық емхананың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында:

1) қалалық емхананың мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру;

2) «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін Қалалық емхананың мемлекеттік қызметтерін танымал етуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді, қызмет көрсету туралы ақпаратқа қолжетімділікті, көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК