Манту Сынамасы

Манту сынамасы – бұл вакцина емес. Ағзада туберкулез қоздырғышының бар-жоғын көрсететін иммунологиялық тест түрі осал топтардағы балаларға жасалады. Бұл жағдайда тері ішіне антигендері бар туберкулинге тән ақуыз енгізіледі. 72 сағаттан кейін папула мөлшері өлшенеді. Су тию Манту сынамасының нәтижелеріне әсер етпейді. Бала ауырып тұрғанда, өткір және тері ауруларында, аллергиясы бар болса сынама жасауға болмайды. Егер балаға БЦЖ вакцинасы егілсе, сынама оң нәтиже көрсетуі мүмкін, бұл вакцинадан кейінгі реакцияны көрсетеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК