Поликлинический совет

2023 жылғы 10 тамызда «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Қалалық емхана қызметінің қорытындысы бойынша Емханалық кеңес өткізілді.
Бас дәрігер Ғалия Зиябекқызы Сабатаева сөз сөйледі, одан әрі бас дәрігердің емдеу – алдын алу ісі жөніндегі жөніндегі орынбасары Рысты Төлеутайқызы Сыздықтың емхана жұмысының негізгі көрсеткіштері, Меморандумдар индикаторларына, Жол карталарына, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасына қол жеткізу, проблемалар және оларды шешу жолдары туралы баяндамасын тыңдап, бөлімшелер бөлінісінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Баяндамашының жас мамандары шақырылғанын ескере отырып, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Бұдан әрі туберкулездің алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша фтизиатриялық кабинеттердің меңгерушісі Тамилям Нурдуловна Шаяхметова және жүкті және фертильді жастағы әйелдерге амбулаториялық көмек көрсету жөнінде бас дәрігердің босандыру жөніндегі орынбасары Жұлдыз Алпилам тыңдалды.
Қорытындылай келе, Ішкі бақылау және емделушілерді қолдау қызметінің жетекшісі Марет Алихановна Экажева азаматтардың өтініштері бойынша тыңдалды. Сөз сөйлеулер арасында учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер тыңдалды, сондай-ақ проблемалар мен жоспарлар талқыланды.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК