Дүниежүзілік қан доноры күнінің

мақсаты – донорлық қанмен қамтамасыз ету мәселесіне қоғам назарын аудару, сондай-ақ қан донорларына алғыс білдіру. Қан – емдеу және шұғыл медициналық көмек үшін маңызды ресурс. Әлемде әр секунд сайын қауіпті аурулары бар науқастардың өмірін сақтауға, күрделі медициналық процедураларды қамтамасыз етуге, аналар мен жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға, табиғи апаттар мен қарулы қақтығыстар сияқты төтенше жағдайларда жаралыларды емдеу үшін қан құюға деген қажеттілік туындайды.  Донор болу – үлкен жүректі, мейірбан көңілді қажет ететін жоғарғы қасиет. Ол  адамның өмірін сақтап, өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлайды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК