Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – қансорғыш жәндіктер арқылы таралатын жіті шыққан вирустық патология. Энцефалиттің қоздырғыштары иксоидті кенелер болып табылады. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі орта есеппен 1-35 күнді құрайды.

Өзіңізді кенелерден қалай қорғауға болады?

• орманға барғанда жеңіл киім киіңіз, басыңызды, мойыныңызды жауып, білегіңізді мықтап байлаңыз;

• аяқтың және сирақтың артқы жағын толығымен жауып тұратын аяқ киім кию;

• киім мен дененің ашық жерлерін кенеге қарсы препараттармен және репелленттермен өңдеу;

• әр 1,5-2 сағат сайын өзіңізді және жолдастарыңызды тексеріп отырыңыз, үйге қайтқанда киіміңізді және бүкіл денеңізді мұқият тексеріңіз. Нәзік жұқа терісі бар жерлерді мұқият тексеріңіз: қол асты, шап аймағы, мойын, бас.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК