ДИАСКИНТЕСТ ТЕСТІ

Қайырлы күн. Туберкулезді анықтау тестері туралы жазбамызды жалғастырамыз. Бүгін Диаскинтест жөнінде әңгімелейміз.

Туберкулез инфекциясын немесе белсенді туберкулезді анықтау үшін Манту сынамасы оң нәтижесі көрсеткен балаларға да, жасөспірімдер мен ересектерге де жасалады.  Диаскинтест Манту сынамасына қарағанда әлдеқайда ерекше — ағзада туберкулездің белсенді микобактериялары болған жағдайда ғана кері реакция пайда болады. Егер Диаскинтест нәтижесі оң болса, белсенді туберкулездің барына көз жеткізу үшін қосымша тексеру жүргізу қажет. Диаскинтестін igra сынақтарына балама ретінде ДДСҰ ұсынған.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК