Жүктіліктің сәтті аяқталуы – сау баланың кепілі

Емханамызда бас дәрігердің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары Ж.Әлпіләмнің жетекшілігімен «Жүктіліктің сәтті аяқталуы – сау баланың кепілі» жобасы жүзеге асырылуда.
  Жоба бала туатын жастағы әйелдер мен жүкті әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайтуға және сақтауға, өз денсаулығына және құрсақтағы баласының денсаулығына деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
  Мақсатты топ – жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер.
  Жобаның мақсаты — әйелдерді саналы және үйлесімді ана болуға, сәтті жүктілікке және дені сау балалардың туылуына, сондай-ақ болашақ ана болу мүмкіндігімен босанғаннан кейінгі кезеңде толық сауығуға дайындау.
  Жоба жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге арналған тегін кеңейтілген кешенді көп форматты бағдарлама.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК