Туберкулез инфекциясы дегеніміз – адам ағзасына ауа арқылы туберкулез микобактериясының еніп, бірақ өсіп-өнбейтін, туберкулезге тән жөтел, әлсіздік, тамаққа тәбеттің төмендеуі сияқты белгілер болмайтын жағдай. Әлемде әрбір үшінші адам туберкулез микобактериясын жұқтырған, бірақ әрбір онының біреуінде ғана туберкулез қарқынды дамиды.
2. Туберкулез инфекциясын жұқтырғандардың арасында кімдердің туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары?
Қарттар, жас балалар және ауру салдарынан иммунитеті төмендеген адамдар (алғашқы иммунды тапшылық – ВИЧ), ауруға байланысты иммунды-супрессивті ем (диализдегі науқастар, ген-инженерлі биологиялық дәрілер, ағза ауыстырғаннан кейін, т.б.) қабылдайтындар, сонымен қатар туберкулезбен ауыратын адамдармен байланыста болғандар.
3. Адам ағзасында туберкулез инфекциясынының бар екенін қалай анықтауға болады?
Балаларда туберкулез инфекциясы Манту және Диаскинтест (рекомбинантты туберкулез алергені – АТР) сынамаларын жасау жолымен анықталады, ал ересектерде – Диаскинтест сынамасы арқылы.
Квантиферон және T-Spot сияқты иммунологиялық сынамалар күретамырдан қан алып, зертханалық тәсілмен тексеріледі. Тері ішіне салынатын сынамалар (Манту, Диаскинтест) емханаларда жасалса, Квантиферон және T-Spot иммунологиялық сынамалары арнайы зертханаларда жасалады.
4. Туберкулез инфекциясын анықтау қай жерде жасалады?
Туберкулез инфекциясын анықтау тұрғылықты жері бойынша емханаларда (Манту, Диаскинтест-АТР), иммунологиялық сынамалар – клиникалық-диагностикалық зертханаларда жасалады.
5. Сынама оң нәтиже беріп, туберкулез инфекциясы анықталса не істеу керек?
Сынама оң нәтиже берген жағдайда емханада міндетті түрде қосымша тексерулер жүргізіледі (дәрігердің тексеруі, кеуде қуысының рентгенографиясы, жалпы қан сараптамасы, т.б. керекті сараптамалар). Егер 2 аптадан астам уақыт жөтел болса жедел түрде қақырықты G-Xpert және микроскопиялық әдіспен зерттеу керек.
6. Туберкулездің алдын-алу үшін профилактикалық ем кімге жүргізіледі?
• Балаларға — Манту және АТР сынамалары оң нәтиже берген жағдайда
• Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болғандар, иммунды-супрессивті ем, ұабылдайтындар, диализдегі науқастар т.б