Обучение медицинских работников

Қалалық емханада аккредиттеуге дайындық аясында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту өткізілді.

Оқытуды дәрігер-анестезиолог-реаниматолог жүргізді. Сабақ барысында қызметкерлер шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерін зерделеп, тәжірибе жүзінде пысықтады. Оқыту келесі бағыттарды қамтыды:

BLS – базалық жүрек-өкпе реанимациясы;

ACLS – кеңейтілген реанимациялық іс-шаралар;

PALS – балаларға шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету;

PHTLS– жарақат алған адамдарға ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету.

Практикалық дағдыларды меңгеруге, өмірге қауіп төндіретін критикалық жағдайларды дер кезінде анықтауға және шұғыл көмек көрсету алгоритмдерін дұрыс орындауға ерекше назар аударылды.❤️

Медицина қызметкерлерінің тұрақты түрде білім алуы және кәсіби дағдыларын жетілдіруі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Біздің басты басымдығымыз – пациенттердің денсаулығы мен өмірі!

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК