«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да «Эклампсия және преэклампсия: шұғыл көмек және пациенттерді емдеу тактикасы» тақырыбында медицина қызметкерлерін оқыту өтті.
Оқытуды акушерлік және гинекология жөніндегі директордың орынбасары Ж. Әлпілам жүргізді.
Оқу барысында белгілерді дер кезінде тану, шұғыл көмек көрсету алгоритмі және шұғыл жағдайларда медициналық персоналдың іс-қимылы мәселелері қаралды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

