«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да медициналық қызметкерлерді түрлі төтенше және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде әрекет ету бойынша оқыту жүргізілді.
Оқу барысында шұғыл әрекет ету кодтарының мәні қаралды:
«Қызыл»,
⚪ «Ақ» және
⚫«Қара», сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес персоналдың іс-қимыл алгоритмдері.
Оқуды қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Т.И. Хакимзянов жүргізді.
Оқытудың мақсаты — медициналық қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру, пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шұғыл жағдайларда дұрыс және жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі — біздің басымдығымыз!
