«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының маманы акушер-гинеколог А.Е.Әбсатарова Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мектептің ата-аналар жиналысында сөз сөйледі.
Кездесу барысында маңызды тақырыптар қозғалды:
жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы,
өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
отбасы құндылықтарын және балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі;
ерте жүктіліктің алдын алу;
Жастар денсаулық орталығының қызметі мен мүмкіндіктері.
Ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына, медициналық және психологиялық көмекке уақтылы жүгінуге, сондай-ақ жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударылды.

