Қалалық емхана «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен бірлесіп «Рио» сауда орталығында салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға бағытталған науқан өткізді.
Барлық ниет білдірушілер:
қан қысымын тексеруге;
қандағы қанттың деңгейін өлшеуге; денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ұсыныстар алуға;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды.
Денсаулыққа қамқорлық қарапайым қадамдардан басталады! ️❤️
Өзіңізді сақтаңыз және деніңіз сау болсын!
