Медицинские работники — не мишень для агрессии!

Медицинада қызметкерлері — агрессияның нысанасы емес!
Көкшетауда пациенттің жедел жәрдем шақыртуы агрессивті қақтығысқа айналды.   «Қалалық емхананың» фельдшері қорлау, қорқыту және күш қолдану әрекеттеріне тап болды.
Әкімшілік іс материалдары бойынша мас күйіндегі ер адам мен екі әйел медицина қызметкеріне өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтірген. Жанжалды тоқтату үшін полиция қызметкерлерін шақыруға тура келді.
Үш қатысушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 80-1-б. 2-б. бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлеріне құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік материалдар жасалды.
⚖️Көкшетау қаласының әкімшілік соты: • ер адамға — 10 тәулік әкімшілік қамауға; • бір әйелге — 7 тәулік; • екінші әйелге — 5 тәулік тағайындады.
Медицина қызметкерлері адамға көмек керек жерлерге келеді. Олардың міндеті — пациенттердің денсаулығы мен өмірін құтқару.
️ ❗️Дәрігерлерге қатысты қорлау, қорқыту және физикалық агрессияға жол берілмейді және заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.
Медицина қызметкерлерін құрметтеу — күн сайын ең қиын сәттерде көмекке келетін адамдарға деген құрмет.❤️‍

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК