Ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Емханада балаларды вакциналаудан бас тартқан ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Медицина қызметкерлері уақтылы иммундаудың маңыздылығын түсіндіріп, вакциналаудың артықшылықтары, инфекциялық аурулардың алдын алу және вакциналаудан бас тартудың ықтимал салдарлары туралы айтады.
Біздің ортақ мақсатымыз — балалардың денсаулығын сақтау және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуының алдын алу.
Вакцинация — бұл біздің балаларымыздың денсаулығына деген қамқорлық!

