Антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау — денсаулыққа қауіпті!
Антибиотиктерді өз бетінше қолдану: бактериялардың дәрілерге төзімділігіне;
ішек микрофлорасының бұзылуына;
аллергиялық реакциялар мен жанама әсерлерге;
бауыр мен бүйрек жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша және қатаң түрде ұсынылған схема бойынша қабылдау керек.
❗️Денсаулығыңызды сақтаңыз — өздігінен емделмеңіз!

