📌 «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық кездесу өтті. Алимбетова Ақманат Ақниетқызы атқарушы хатшының орынбасары сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушыларға партияның қызметі, оның негізгі жұмыс бағыттары, мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Партия өкілдері жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, қоғамның дамуы мен азаматтық белсенділікті арттыруға қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.
Мұндай кездесулер ашық диалогқа, азаматтарды ақпараттандыруға және құқықтық және қоғамдық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.

