Отбасын жоспарлау — салауатты болашаққа маңызды қадам
Отбасын жоспарлау — бұл бала тууға, ана мен бала денсаулығын сақтауға саналы көзқарас, сондай-ақ өмірдің маңызды кезеңіне дайындалу мүмкіндігі.
Уақтылы жоспарлау дегеніміз: ағзаны жүктілікке дайындау;
ана мен сәбидің денсаулығы үшін қауіптерді азайту;
қажетті тексеруден өту; мамандардың консультациясын алу;
Бала туу үшін оңтайлы кезеңді таңдау.
Ұрпақты болу денсаулығына қамқорлық жүктіліктен әлдеқайда бұрын басталады. Жүйелі профилактикалық тексерулер, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және дәрігерлердің кеңестері дені сау ұрпақтың тууына негіз жасауға көмектеседі.
Тұрғындарды отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша емхананың мамандарына уақытылы хабарласуға шақырамыз.
Бүгінгі денсаулығыңыз — отбасыңыздың ертеңгі бақытты болашағы.

