Информационно-разъяснительная работа

📌💉Вакцинация мәселелері бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Қалалық емханада балаларды вакциналаудан бас тартқан ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесудің негізгі мақсаты — иммундаудың маңыздылығы, инфекциялық аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау мәселелеріне саналы көзқарасты қалыптастыру туралы шынайы ақпарат беру.
Әңгімелесу барысында медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді, вакцинацияның маңыздылығын, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін түсіндірді, сондай-ақ профилактикалық егулерден бас тартудың ықтимал салдарын талқылады.
Балалардың денсаулығы — біздің ортақ жауапкершілігіміз. Шынайы ақпарат пен мамандардың ұсыныстары негізінде шешім қабылдау маңызды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК