Экскурсия в Мцз

🌟Бүгін Жастар денсаулық орталығының маманы Б.Н. Жетенова № 11 орта мектебінің 8 «Д» сынып оқушыларына экскурсия өткізді.

🌈Кездесу барысында оқушылар орталықтың қызметімен танысып, психобелсенді заттардың (вейп, темекі) зияны, дұрыс тамақтанудың және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы білді.  Сондай-ақ, «Менің жоспарларыма не кедергі келтіруі мүмкін?» тақырыбында сыныптың бірігуі бойынша тренинг өткізілді.

🌈Оқушылар талқылауға белсене қатысып, ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, материалдың қолжетімді әрі қызықты берілуін атап өтті.
🌈Кездесу соңында балалар маманға алғыс айтып, алдағы уақытта біздің орталыққа баруға ниет білдірді.🔥

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК