✅ Бүгін «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының маманы № 15 ОМ 8-9 сынып оқушылары үшін «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және жеке гигиена» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге репродуктивті денсаулықты сақтаудың, жеке гигиена ережелерін сақтаудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманның кеңесін алды.

