Лекция

✅Бүгін «Таңдау» №5 көппрофильді мектеп-гимназиясында Жастар денсаулық орталығының маманы Б.Н.Жетенова 8-сынып оқушыларына:
«Жастар денсаулық орталығының қызметі», «Психоактивті заттардың алдын алу: мифтер және вейптер туралы шындық» дәріс өткізді.
✅Іс-шара барысында вейпинг туралы кең тараған аңыздар, оның жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығына әсері, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.
✅Оқушылар талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
⚖️ Бұдан басқа, сыни ойлау дағдыларын, құрдастарының қысымына қарсы тұра білуді және тәуекел жағдайларында саналы түрде таңдау жасай білуді дамытуға бағытталған «Нормалар мен Стрём» тренингі өткізілді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК