Челлендж

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығын дәріптейді. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, сондықтан бірлік пен келісім – біздің ең басты құндылығымыз. Осы күні адамдар бір-біріне құрмет көрсетіп, ортақ мәдениет пен дәстүрлерді атап өтеді. Бірлік бар жерде – береке бар.

Осы атаулы күнге орай «Береке бастауы – бірлік» атты челлендж ұйымдастырылып, ел тұрғындары өзара сыйластық пен ынтымақты насихаттауға үлес қосуда. Челлендждің басты мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеу.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК