Бүгін №3 орта мектептің «Ә» және «А» 8-сынып оқушылары М. Ғабдуллин атындағы мектептен Жастар денсаулық орталығына экскурсияға барды.
💫 Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, физикалық, психологиялық және репродуктивтік денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту.
🕎 Психолог Жетенова Б.Н. Жастар денсаулық орталығының қызметі және қолжетімді тегін көмектер (психолог, гинеколог) туралы ақпарат беріп, зиянды әдеттердің (темекі, вейп, алкоголь) алдын алу тақырыбында интерактивті әңгіме өткізді.
♈ Акушер-гинеколог Әбсатарова А.Е. «Ерте жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, жеке гигиена және жыныстық тәрбие» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Психолог сыныптағы бірлікті нығайтуға арналған тренинг өткізді.
Іс-шара соңында оқушылар Жастар денсаулық орталығының мамандарына алғыс білдірді.
