7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні 🩺
«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК -ға бекітілген Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде, оқушылар арасында сауықтыру жаттығуы өтті.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, балалардың денсаулығын нығайтуға және күнді дене шынықтыру белсенділігінен бастаудың пайдалы әдетін қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп оқушылары жаттығуларға зор ықыласпен қатысып, қуанышпен, жақсы көңіл-күй мен энергиямен толықты.
Тұрақты дене белсенділігі — денсаулықтың және өзін жақсы сезінудің маңызды құрамдас бөлігі. Мұндай іс-шаралар балаларға ерте жастан бастап спортқа деген сүйіспеншілік пен өз денсаулығына қамқорлық танытуға көмектеседі.
Денсаулығыңызды сақтаңыз және белсенді болыңыз!
