Интерактивная лекция

🗣️«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары — акушер-гинеколог А.Е. Әбсатарова және психолог Б.Н. Жетенова № 21 орта мектептің 8-11 сынып оқушыларымен интерактивті қарым-қатынас форматында дәріс оқыды.

💫Кездесу барысында маңызды және шетін тақырыптар қозғалды: ерте жүктілік, репродуктивті денсаулық және жасөспірімдердің жеке гигиенасы.
💫Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.
🔹Сондай-ақ, қыздарға Жастар денсаулық орталығының қызметі, оның негізгі функциялары мен консультативтік және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
🔹Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыруға және ықтимал қатерлердің алдын алуға ықпал етеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК