📌26 наурызда қалалық емханада вакцинация мәселелері бойынша семинар өтті, одан кейін медицина қызметкерлері аттестатталды.💉
Іс-шара барысында иммундық профилактиканың өзекті мәселелері, вакцинациялаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттарын сақтауға қойылатын талаптар қаралды. Қатысушылар өз білімдерін жаңартып, тәжірибе алмасып, мамандарға сұрақтар қойды.
Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға және халықтың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.

