🎯Бүгін № 4 орта мектепте «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары — акушер-гинеколог А.Е. Әбсатарова мен психолог Б.Н. Жетенова 8-11 сыныптың оқушы қыздарына дәріс-сұхбат өткізді.
🎯Кездесу барысында қыздардың репродуктивті денсаулығының өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, «Миф және шындық» атты тренинг өткізілді, онда қатысушылар кең таралған мифтерді талдап, шынайы ақпарат алды.
🎯Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулығы туралы хабардарлығын арттыруға, өздеріне және болашақтарына жауапкершілікті қалыптастыруға көмектеседі.

