Ярмарка вакансий

📌 2026 жылғы 27 ақпанда «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның директоры Сабатаева Ғалия Зиябекқызы Адами ресурстарын басқару қызметінің жетекшісі  Айнагуль Калабаевна Тюлешевамен бірлесіп, «Астана медицина университеті» КЕАҚ интерндерімен Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Түлектерге бос орындар, әлеуметтік пакет туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Ақмола облысының медициналық ұйымдары үшін дәрігерлерге деген қажеттілік және оларға арналған әлеуметтік пакет туралы ақпарат ұсынылды. 10 адам жалпы практика дәрігерлерін, сондай-ақ, балалар хирургі, офтальмолог, оториноларинголог, реабилитолог, педиатр, акушер-гинеколог, онколог, кардиолог, эндокринолог мамандарын тарттық.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу кадрлық әлеуетті дамытуға, кәсіби байланыстар орнатуға және медициналық ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу үшін білікті мамандарды тартуға ықпал етеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК