«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Өңірлік коалициясының Ақмола өңірлік штабының мүшелері қалалық емхананың еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Ашық диалог форматында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндіріліп, олардың елдің одан әрі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негізгі бағыттары мен маңызы ашылды. Азаматтарды әлеуметтік қорғау, құқықтар мен бостандықтар кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік институттардың әділеттілігі, жауапкершілігі және есептілігі қағидаттарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара іскерлік және сындарлы атмосферада өтті. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
