ВПЧ

📍Врач акушер-гинеколог Әбсатарова Айдана Ердосқызы.

📌ВПЧ (адам папиллома вирусы) — өте кең таралған вирус. Көбінесе жыныстық жолмен беріледі.
Жұғу жолдары:
• жыныстық қатынас кезінде
• тері мен терінің жанасуы арқылы
• сирек тұрмыстық жолмен
ВПЧ түрлері
ВПЧ-ның 200-ден астам түрі бар.
🔹1. Қауіпі төмен түрлері
• 6, 11 типтері
жыныс мүшелерінде сүйел (кондилома) пайда болады
🔹2. Қауіпі жоғары (онкогенді) түрлері
• 16, 18 (ең қауіпті)
• 31, 33, 45, 52, 58
қатерлі ісікке әкелуі мүмкін:
• жатыр мойны обыры
• қынап, сыртқы жыныс мүшелері обыры
• анальды аймақ обыры.
💉Вакцина
Ең тиімді қорғаныс әдісі
• Қауіпті типтерден қорғайды
• Жыныстық өмір басталмай тұрып алған дұрыс (9–14 жас)
• Ересектерге де жасауға болады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК