Поздравления

🎊 Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы. Ал осы байлықты сақтау жолында сіздер аянбай еңбек етіп келесіздер. Аурухана мен емханаларда, ауылдық пункттер мен жедел жәрдемде – қай жерде болмасын, сіздердің еңбектеріңіз аса маңызды.

Күнделікті жұмыстарыңыз жеңіл емес екенін жақсы білеміз. Әр науқастың жағдайын түсініп, қолдан келген көмекті көрсетіп, жылы сөздеріңізбен дем беріп жүргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби табыс пен отбасыңызға амандық тілеймін. Жұмыстарыңыз бағаланып, әр күн қуаныш пен жақсылық әкелсін!

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК