⚜️ 2025 жылғы 26 ақпанда дәрігерлік кадрлардың тапшылығын азайту мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы университеттің медицина факультеті түлектерінің жәрмеңкесі өтті, оған бас дәрігердің орынбасары Р. Т. Сыздық және АРБҚ басшысы А. К. Тюлешева қатысты.
Түлектерге бос жұмыс орындары , әлеуметтік пакет туралы ақпарат ұсынылды. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі жергілікті бюджет қаражатынан жұмысқа орналастырылған түлектерге көтерме қаражат бөлінетінін айтты. Интернатура түлектерімен 28 шартқа қол қойылды.

