Собрание

📌4 ақпан 2025 жыл.
Көкшетау қаласындағы № 4 мектебінде ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Адам папиллома вирусына қарсы Вакцинация».
Қалалық емхананың қызметкерлері, педиатр М.Р. Цездоева қыздардың ата-аналарымен адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауға арналған ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді.
Іс-шара барысында ата-аналар вакцинацияның маңыздылығы, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ мамандарға қызықты сұрақтар қоя алды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК