Адам папилломавирусы адамдарда қатерлі ісіктің дамуын қоздырады.
Тұрмыстық байланыс, жыныстық қатынас және тік байланыс арқылы беріледі. АПВ инфекциясы жатыр мойны обырын, вульва мен қынаптың, көмей мен ауыз қуысының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Бүгінгі күні АПВ-ны емдеу жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі — вакцинация. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қорғайды.
Адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцина әйелдердің ұрпақты болу функциясына әсер етпейді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК