Круглый стол

Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  ШЖҚ МКК «Қалалық емханасы» Саина көшесі мекенжайда орналасқан №2 отбасылық денсаулық орталығының медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балаларын туберкулезге қарсы екпеден бас тартқан ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың пайда болу себептері, клиникалық көріністері және негізгі анықтау әдістері талқыланды. Семинарға шақырылған ата-аналармен сауалнама жүргізілді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК