Туляремия – жіті инфекциялық, табиғи-ошақты ауру.
Табиғатта туляремия көптеген жабайы жануарлардың – кеміргіштер, жәндіктер, жыртқыштар, балықтар, құстар және басқалардың ағзасында тіршілік етеді. Иксод кенелері – туляремия инфекциясының сақтаушылары мен тасымалдаушылары. Сондай-ақ соналар, масалар да жұқпаны тасымалдайды.
Туляремияның қоздырғышы өте ұсақ бактерияларға жатады, оларға төмен температура және ылғалды орта қолайлы.
Инфекциялық қоздырғыштың берілу жолдары мен жұқтыру механизмдерінің көптігі туляремияға тән ерекшелік болып табылады.
Жұқпа көзіне байланысты адамдарда жұқтырудың мынадай жолдары байқалады: қарым-қатынаста – қоздырғыштың ауыз қуысының, бадамшаның және асқазан-ішек жолдарының шырышы арқылы енгенде, аспирациялық – ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған ауаны жұтқанда, трансмиссивті – қоздырғышты жәндіктер немесе кенелер енгізгенде жұғады.
Инфекция адамнан адамға берілмейді.
Туляремия жұқтырғаннан кейін 3-7 күн өткен соң кенеттен дене қызуының күрт көтерілуімен, қалтыраумен басталады. Науқастар бас ауруына, жалпы енжарлыққа, бұлшықеттердің ауыруына, бас айналуға, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Құсу, мұрынан қан кетуі мүмкін.
Егер мұндай белгілер байқасаңыз тез арада тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігерге қаралуыңыз қажет.
Алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинациялау.
Туляремияның алдын алу мынадай іс-шараларды қамтиды:
— кәсіпорындарда, тұрғын үй-жайларда кеміргіштерді жою;
— табиғат аясына шыққанда репелленттерді (жәндіктердің шағуынан қорғайтын) қолдану;
— ашық су қоймаларынан ішу үшін шикі ауыз суды тұтынбау;
— кенелердің шабуылынан және кеміргіштермен байланыстан аулақ болу үшін далада жұмыс жасағанда уақытша тұрақтар мен киіз үйлер тіккенде, демалатын орынды кеміргіштердің інінен, мал айдайтын жерлерден алысырақ орналастыру;
— шаңды түзумен бірге жүретін жұмыстарды жеке қорғаныш құралдарын (мақта-дәке бинті немесе респиратор, қолғап) қолдану арқылы жүргізу қажет.
Есіңізде болсын, жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау арқылы Сіз өзіңізді туляремиядан қорғайсыз.