Қызылша – вирус тудыратын өте жұқпалы ауру.
Қызылша вирусы жұқтырған адам тыныс алғанда, жөтелгенде немесе түшкіргенде оңай таралады🦠.
Инфекция ауыр ауруға, асқынуға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.☝️Кез келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ ол көбінесе балаларда кездеседі. Қызылша тыныс алу жолдарын зақымдайды, содан кейін бүкіл денеге таралады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген барлық вакциналар баланы қауіпті инфекциялардан барынша қорғауға бағытталған. Бұл инфекциялар вакцина арқылы алдын алуға болады және вакцинация ең жақсы алдын алу болып табылады☝️.