2024 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурызында дәрігерлік кадрлар тапшылығын азайту мақсатында қалалық емхананың бас дәрігері Ғ.З. Сабатаева және қалалық емхананың адами ресурстарын басқару қызметінің жетекшісі А.К. Тюлешева “Қарағанды медицина университеті” және “Астана медицина университеті” КЕАҚ интерндерімен бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Түлектерге бос жұмыс орындары, әлеуметтік пакет, оның ішінде 2,5 млн теңгеге дейін көтерме қаражат, жіті тапшы мамандықтар бойынша резидентурада емхана қаражаты есебінен оқыту мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, біздің басшымыз Ақмола облысының Денсаулық сақтау саласының өкілі бола отырып, облыстың медициналық ұйымдары үшін дәрігерлерге қажеттілік және олар үшін әлеуметтік пакет туралы ақпаратпен таныстырды.
Презентациядан кейін жас әріптестермен кездесіп, мүмкіндіктерді толығырақ талқылауға мүмкіндік туды.