Бүгін әлемдік жұртшылық БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және 1921 жылы Чарльз Бестпен бірге инсулинді ашқан Фредерик Бантингтің туған күніне орай таңдалған қант диабетімен күрес күнін атап өтуде.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты — халықтың барлық топтарының аурудың белгілері, мүмкін болатын асқынулар және диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар болуын арттыру.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артады деп күтілуде.
Қазақстанда 439 327 мың ересек және 5132 бала қант диабетімен өмір сүреді.
Аурудың көріністері: үнемі қатты шөлдеу, жиі несеп шығару, дегидратация, қатты аштық сезімі, шаршау; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышуы және тітіркенуі. Егер сіз белгілердің бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз!
Қант диабетінің дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Қант диабеті организм қандағы қант (глюкоза) деңгейін түсіре алмаған кезде пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфарктке, инсультке, соқырлыққа, бүйрек жеткіліксіздігіне және аяқтың гангренасына әкелуі мүмкін.
Көптеген қант диабетімен ауыратындар өздерінің ауруын білмейді және жиі жағдайда ауруы асқынғанда ғана біледі.
Қант диабетінің үш негізгі түрі бар: 1 типті, 2 типті және гестациялық қант диабеті. 1 типті қант диабетінің себебі белгісіз және мұндай қант диабетімен ауыратын адамдарға өмір сүру үшін күнделікті инсулин салу қажет. Әлемдегі қант диабетімен ауыратындардың көпшілігінде 2 типті қант диабеті бар, бұл көбінесе артық салмақ пен физикалық белсенділіктің болмауы. Бұрын 2 типті қант диабеті ересектерде ғана байқалған, бірақ бүгінде бұл балалар мен жас ересектерде жиі кездеседі.
Гестациялық қант диабеті жүктіліктің уақытша бұзылуы болып табылады және 2 типті қант диабетінің ұзақ мерзімді қаупін тудырады. Сонымен қатар, қандағы қант мөлшері нормадан асады, бірақ қант диабеті диагнозы қойылған көрсеткіштерден төмен.