Емханамызда

Емханамызда бас дәрігердің нұсқауымен және бас дәрігердің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары Ж.Әлпіләмнің жетекшілігімен «Әйел денсаулығы», «Окологиялық аурулардың алдын алу» жобалары қолға алынып, жүзеге асырылуда.
  Жобалар әйелдер денсаулығын нығайтуға және сақтауға, әйелдер арасындағы онкопатологияны ерте анықтауға бағытталған.
Әйелдер арасында өз денсаулығына деген белсенді көзқарасын қалыптастыру, әйелдеріміздің денсаулық көрсеткішін жақсарту! Нысаналы топ – бала туатын жастағы әйелдер және емханамызға тіркелген әйелдер.
  Жобалар біздің емхананың бала туатын жастағы әйелдерге және әйелдер қауымына арналған тегін, кеңейтілген, жан-жақты, көп форматты бағдарлама болып табылады.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК