Гепатиттердің алдын алу

Гепатит инфекциясы бүкіл әлемде кең таралған. Вирустық гепатит – бұл А, В, С, D және Е гепатит вирусының бірі тудыратын бауырдың қабынуы.

Бұл вирустар әр түрлі жолмен таралады: А және Е гепатиттері – ластанған тамақ пен су арқылы; гепатит В – қан және дененің басқа сұйықтықтары арқылы; гепатит С – негізінен ластанған қан және D гепатиті – В гепатиті болған кезде қосымша инфекция ретінде таралады. Осы вирустардың барлығы жедел гепатитке әкеледі, оған шаршау, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, сарғаю тән. Көптеген науқастар толық сауығады. Сонымен қатар, В және С гепатиті инфекциялары созылмалы түрге ауысып, цирроз бен бауыр ісіктеріне әкелуі мүмкін.

Аурудың ұзақ мерзімді динамикасын талдау бойынша соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде жедел вирустық гепатит А және В гепатитіне қарсы жүйелі иммундаудың арқасында жедел вирусты гепатитпен сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалды. Өзіңізді гепатит инфекциясынан қорғау үшін қарапайым қағидаларды сақтауыңыз керек. Гепатит инфекциясын қауіпсіз тамақпен және сумен қамтамасыз ету (А және Е гепатиттері), вакциналар (А, В және Е гепатиттері), донорлық қан скринингі, зарарсыздандырылған инъекциялық жабдықтармен қамтамасыз ету және инфекциялық бақылау (В және С гепатиттері) арқылы алдын алуға болады. Қайнамаған суды ішпеңіз, жемістер мен көкөністерді әрдайым жуыңыз, тағамның термиялық өңдеуін назардан тыс қалдырмаңыз. Осы ұсынымдарды орындау арқылы А гепатитін жұқтырудың алдын алуға болады.

Жалпы басқа адамдардың дене сұйықтықтарымен, әсіресе қанмен байланыста болудан аулақ болу қажет. Микроскопиялық мөлшерде адамның қаны ұстарада, тіс щеткасында және тырнақ қайшысында қалуы мүмкін. Бұл заттарды басқа адамдармен бөлісуге болмайды. Пирсинг пен татуировканы стерильді емес құралдармен жасауға болмайды. Жыныстық қатынас кезінде сақтық шаралары мен қауіпсіздікті сақтау қажет.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК