«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК –да Ішкі бақылау және емделушілерді қолдау қызметі жұмыс жасайды. Қызметтің мақсаты-проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту. Егер Сіз медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз, медициналық персонал тарапынан дөрекі көзқарасқа тап болсаңыз, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз мына мекенжайға хабарласыңыз: Әуелбеков көшесі 94, 19 кабинет немесе тіркеу орнының жанында орналасқан өтініш жәшігінде, емхананың қабылдау бөлмесінде немесе сондай-ақ 25-72-86 сенім телефоны арқылы Өзіңіздің атыңызды, тегіңізді, байланыс деректеріңізді міндетті түрде көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыруыңыз қажет. Емделушілерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және Сізге өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді. Ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.