26 сәуір-Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алудың халықаралық күні.

🍃Бұл күні Чернобыль атом электр станциясында әлемдегі ең үлкен техногендік апат болды.
🔹Чернобыль халқы 1945 жылы тамызда атом бомбасы жарылғаннан кейін Хиросима тұрғындарынан 90 есе көп сәулеленуге ұшырады.
🔹Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылардың батылдығы мен қайсарлығы болмаса, апаттың ауқымы әлдеқайда үлкен болуы мүмкін.
🍃«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері Ғалия Зиябекқызы Сабатаева мен №1 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Алмагүл Қайрбайқызы Құрманова биылғы жылы 37 жасқа толған Чернобыль АЭС-на апатты жоюшылармен бірге қаза тапқан батырларға құрмет көрсете отырып гүл шоқтарын қоюға қатысты.
🔹Апат салдарын жоюға КСРО-нан 600 мыңға жуық адам қатысты, оның 32 мыңы қазақстандықтар. Бүгінгі таңда біздің емханаға Чернобыль атом электр станциясын жоюға қатысқан 73 адам тіркелген.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК