ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ИНФЕКЦИЯЛАРМЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІ ЖОЛДАРЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ

Сәуірдің соңғы аптасында 24-30 сәуір аралығында жыл сайын Дүниежүзілік иммундау апталығы атап өтіледі, оған барлық континенттердегі 180-ден астам ел қолдау көрсетеді. Вакцинациялау бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылды.
2023 жылы Дүниежүзілік иммундау апталығы «Ауқымды иммундау!». ұранымен өтеді.
Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты халықтың назарын аудару және иммунопрофилактиканың адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызы туралы хабардар ету.
Иммундау қазіргі уақытта қолданылып жүрген медициналық араласудың ең тиімді және үнемді шараларының бірі болып табылады. Халықтың эпидемиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін халықты жоспарлы иммундаумен қамту деңгейі кемінде 95% -ды құрауы тиіс.
Иммундау — бұл әмбебап әдіс және балаларға дені сау өмірге енуге мүмкіндік береді. Жыл сайын иммундау дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, паротит, қызамықтан болатын 2-3 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.
Биылғы Дүниежүзілік иммундау апталығы вакцинациялаумен қамтуды және халықтың барлық жас санаттары үшін, соның ішінде COVID-19-ға қарсы иммундау үшін иммундаудың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Алдын алуға болатын аурулардан қорғау құқығы — бұл әр адамның құқығы.
Профилактикалық егулер 12 ауруға қарсы міндетті вакцинациялауды көздейтін Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, егулер жекелеген кәсіптік топтарға, аса қауіпті инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге баратын табиғи-ошақты аурулармен сырқаттанушылық деңгейі жоғары аумақтарда тұратын адамдарға және инфекциялар ошағында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.  Иммундау — бұл өзінің тиімділігін дәлелдеген, денсаулық сақтаудың үнемді шарасы, миллиондаған балалардың өмірін сақтайды және миллиондаған адамдарды аурулар мен мүгедектіктен қорғайды.
«Вакциналық шешімсіздік» деп аталатын мәселе бар: кейбір ата-аналардың мифтер мен жалған ақпаратқа сеніп иммундауға деген сенімсіздігінің артуы.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК