Қатерлі ісік — бұл адам ағзасының кез-келген мүшелері мен жүйелеріне әсер етуі мүмкін аурулардың жалпы атауы. Бұл аурудың тән белгісі қалыпты шекаралардан тыс өсетін және қоршаған тіндерге ене алатын, сондай-ақ басқа органдарға, басқаша айтқанда метастазға ауыса алатын қалыпты емес жасушалардың тез көбеюі болып табылады.
Ауруды ерте кезеңде анықтау мақсатында елімізде ұлттық скринингтік бағдарламалар енгізілді, молекулярлық-генетикалық зерттеулер, таргеттік терапия, жоғары технологиялық сәулелік және химиотерапия, иммуногистохимиялық зерттеулер, иммунотерапиялар, сондай-ақ минималды инвазивті, лапороскопиялық, ағзаны сақтайтын операциялар сияқты диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қолданылады. Айта кетейік, қазақстандықтар үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі: жатыр мойны обырының скринингі, сүт безі обырының скринингі және колоректальды обырдың скринингі. Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және емдеу өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді.